Қызылордалық оқушы республикалық байқауда жеңімпаз атанды

662

0

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен «Буктрейлер» республикалық байқауы өткізілген болатын.

Аталмыш байқауға аймағымыздың атынан қаламыздағы С.Толыбеков атындағы 3 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жұматай Азат қатысып, Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» кітабы бойынша буктрейлерін ұсынды. Оқушымыздың жұмысы комиссия тарапынан жақсы бағаланып, байқаудың жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, байқауға еліміз бойынша 400-ден астам оқушы қатысып, өз жұмыстарын ұсынған. Конкурс шарты бойынша, оқушы өзі оқыған кітабы, шығармасы желісінде буктрейлер бейнеролигін түсіруі қажет болатын.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<