Қызылордалық ұстаз «Үздік педагог» атанды

771

0

Фото: Қызылорда қаласы білім бөлімі

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық конкурсының марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға Сыр өңірінен облыстық кезеңнің қорытындысымен 10 педагог қатысқан болатын. Конкурс нәтижесімен 5 мұғалім «Үздік педагог» атағының иегері атанды.

Оның ішінде Қызылорда қаласы С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пірмағамбетова Әсел Шаймағанбетқызы бар.

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<