Республикалық конкурс: Әріптестеріміз үздік атанды

798

0

Фото: Облыстық білім басқармасы

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Сыр өңірінен облыстық кезеңнің қорытындысымен 10 педагог қатысқан болатын. Конкурс нәтижесімен 5 мұғалім «Үздік педагог» атағының иегері атанды.

Атап айтқанда:

• Тынымбек Жазира Нұрланқызы – Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі;

• Борангулова Әсия Сейліханқызы – Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

• Пірмағамбетова Әсел Шаймағанбетқызы – Қызылорда қаласы, №3 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

• Кунарова Жанна Куспангалиевна – Арал ауданы, №14 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

• Ниязов Серік Ұзақбайұлы – Қармақшы ауданы, №80 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі.

Айта кетейік, республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігін, «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Әріптестеріміздің жеңісімен барша сыр ұстаздары атынан құттықтаймыз!

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<