Өрт қауіпсіздігі туралы дәрістер

358

0

Жақында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Айнұр Алдажарова мұғалімдерге және 7-8 сынып оқушыларына «Өрт болған жағдайда балалардың іс-әрекеті және жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында өрт қауіпсіздігі ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жасалды.

Сонымен бірге, №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты ғимаратындағы алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт қауіпсіздігі бұрышы және оны өрт туындағанда пайдалану ережесі туралы айтылды. Сабақ соңында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының директоры Е.Ақшалов мектеп ұжымы мен оқушылардың атынан қауіпсіздік бағытындағы дәрістері үшін Департаменттің бас маманы Айнұр Сағынышқызына алғыс білдірді.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<