Сайрам ауданында жасөспірімнің өлі денесі табылды

91

0

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Бірнеше күн бойы үйіне келмеген ұлдың жағдайына алаңдаған туыстары полиция шағымданған.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазір тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

«Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», – делінген ведомства тарапынан таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылғанын жазған болатынбыз. Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<