Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында «Салауатты отбасы – мемлекеттің берік тірегі» атты облыстық эстафеталық жарыс өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, олардың отбасымен сапалы уақыт өткізуіне жағдай жасау, мемлекеттік қызметтің беделі мен мәртебесін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты насихаттау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Аталған жарысқа Шиелі ауданының атынан қатысқан команда жоғары дайындық деңгейі мен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, барлық кезеңдерден сәтті өтіп, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз команда құрамында:
Файзуллаев Омархан Нышанбекұлы – Керделі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
Тілеубай Тоғжан Мұратқызы – Майлытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Ауданымыздың мерейін үстем етіп, облыстық додада жеңіс тұғырынан көрінген команда мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз.






