Шиелілік қыз «Елбасы медалінің» иегері атанды

736

0

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Қ.Мүбараков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дарынды балалар мен жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған «Ел үміті» жобасы бойынша «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған Аймереке Айтбайды қабылдап, «Қола медаль» табыстады.

Сондай-ақ, аудан басшысы республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, ауданымыздың мерейін асырған Аймереке Бақтыбайқызына жылы лебізін жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады.

Бағдарламаға Қызылорда облысы бойынша 51 марапатталушы арасынан Шиелі ауданы Ы.Жахаев ауылының №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің 2019 жылғы түлегі, қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Айтбай Аймереке Бақтыбайқызы «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында үздік деп танылып, қола медаль иегері атанған.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<