Шымкентте сарышаян көбейіп кетті

1177

0

Фото: ашық дереккөз

Шымкентте жыл басынан бері 12 адамды сарышаян шағып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарышаяндардың көбейіп кеткені туралы видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жергілікті тұрғындар үй ішінен, киім арасынан сарышаяндардың шығып жатқанын айтады.

Ал, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жыл басынан бері қалалық ауруханадағы токсикология бөлімшесіне сарышаян шаққан 12 адамның жүгінгенін жеткізді. Сондай-ақ, улы жәндік шаққан бір адамның жағдайы ауырлап, ауруханаға жатқызылған.

«Сарышаяндардың көзі түнде жақсы көретіндіктен, қараңғы мезгілде шағу қаупі басым болады. Сондықтан, күннің ыситын мезгілі енді басталғанын ескерсек, әсіресе ашық далада абай болған жөн. Сондай-ақ, созылмалы ауруы бар адамдардың сарышаян шағып алуынан қайтыс болатын кездері де кездеседі. Сондықтан да, жаз маусымында улы жәндіктің шағуынан сақтаныңыздар» – дейді Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<