Синоптиктер сенбідегі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

319

0

26 мамыр, сенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 1 қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Шымкент қаласында қалыптасуы мүмкін.  ҚМЖ – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<