Сотқа түскен істер саны азайды

182

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық соттың өткен жылғы  жұмыс қорытындысы сараланды.

Брифинг барысында қыл­мыстық, азаматтық, әкім­шілік істер бойынша алқа төрағалары баяндама жасады.

Облыстық соттың сот алқасының төрағасы Бақыт­жан Қалымбеттің хабарлауынша, былтыр облыс соттарына түсен істер алдыңғы жылмен салыс­тырғанда едәуір азайған.

Нақтырақ айтсақ, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы соттар өндірісіне істер­дің түсу көрсеткіші 15,1 процентке төмендепті. Сондай-ақ, былтыр апелляциялық сот алқасына түскен істер 2017 жылмен салыстырғанда 12,3 процентке азайған.

– Қазіргі уақытта біздің ұстанымымыз, сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін дамыту бағыты болғандықтан, істердің түсу көрсеткішінің азайғаны құптарлық жағдай деп есеп­тейміз, – деді Б.Қалымбет.

Бүгінде татуласуға көп мән берілуде. Себебі, әрбір төртінші іс татуласумен аяқ­талған.

Айта кету керек, облыс соттарында өткен жылы медиация тәртібімен 421 қылмыстық және 1163 азаматтық, 773 әкім­шілік, партисипативтік рәсім тәртібімен 55 іс, татуласу келі­сімімен 223 іс қаралған.

Шынар БЕКБАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<