Спорттық сайыс

250

0

«Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен жазасын өтеп шыққан және шартты сотталған азаматтар арасында шахмат пен футболдан жарыс өткізілді. 

Спорттық шарада 30-дан аса қатысушы бақ сынады. Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен дода тартысты өтті. Төрешілерге шын мықтыны анықтау қиынға соқты. Десе де, тек жүйрік деп танылғандар марапат төрінен табылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<