
Көп кешікпей жүздеген азаматтың бірлесе жаттығуы басталып кетті. Арыстанбек Мұхамедиұлы телекөпір арқылы 4 қаламен – Шымкент, Өскемен, Петропавл, Ақтау шаһарларындағы спорт белсенділерімен тікелей трансляцияға шықты. Трансляцияға 4 облыс қосылғанымен, аймақ-аймақтарда дене шынықтыру бастамасына жиналып жаттығу жасаған 10 өңірдің халқы да қосылып отыр. Спорт басқармасы басшыларының жетекшілігімен челленджге қатысушылар динамикалық музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасады. Шараға белгілі спортшылар, әртістер, мәдениет қайраткерлері, өңірлерге белгілі тұлғалар қатысты. Астанадағы гимнастикаға «Самұрық Қазына» АҚ басқарушы директоры Әлішер Пірметов, Мәжіліс депутаты әрі Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, боксшы Василий Левит, Гюзаль Манюрова, әнші Жеңіс Сейдоллаұлы қатысты.