Қамаудағы туысына телефон өткізбекші болды

517

0

23.05.2022 жылы Қызылорда қаласы ЗК- 169/ 1 мекемесінің сәлем- сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген ыстық тамақтың арасынан тыйым салынған зат анықталды.

Нақтырақ айтар болсақ, ет тамақ ішінен фальга қағазына оралған 1- дана «INOI» маркалы ұялы телефоны мен 1-дана «билайн» сим картасы табылды.

ҚР ҚК- ның 188- бабының 4- бөлігі 3-тармағымен  айыпталушы інісіне тыйым салынған затты өткізбекші болған. Бұл азаматқа ҚР- ӘҚБтК-нің 481бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамасы толтырылып, ісі сотқа жолданды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<