Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік негіздері

921

0

Бүгінде облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық сауаттылық негіздерін оқыту бойынша қала мектептерінде семинар-сабақтар топтамасын өткізуде.

Басты мақсат – әр адамның бойында қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік деген түсініктерге салмақты көзқарас қалыптастыру, өзінің қаржысына өзі ғана  иелік ететін сенімділік беру, түрлі алаяқтықтарға ұрынып қалу тәуекелін азайту.

Қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік туралы білімнің төмен болуы банкроттыққа ғана әкеп соқпайды, сонымен қатар зейнетке шығуды дұрыс жоспарлай алмауға, қаржылық алаяқтыққа, шамадан тыс қарыздар мен әлеуметтік проблемаларға, соның ішінде депрессияға және басқа да жеке мәселелерге әкелуі мүмкін, – деді аса маңызды істер жөніндегі тергеуші майра Оралбаева.

Онан әрі мамандар әр адамның жеке қаржылық қауіпсіздігі – бұл адамның өзінің және қоғамдағы материалдық әрі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық тәуелсіздікке ие болуы, сондай-ақ болашақта осы тәуелсіздікті сақтап, оны одан әрі арттыру үшін өзіне жасайтын әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі туралы жете түсіндірді.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің

баспасөзі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<