Сыр өңірінде көктемгі дала және егін егу жұмыстары жүргізілуде

634

0

Облыста ерте егілетін ақ егістен 5,6 мың гектар жаздық бидай, 375 гектар жаздық арпа, 5,2 мың гектар мақсары, 312 гектар қант құмайы, 24,0 мың гектар жаңа жоңышқа дақылдары егіліп, 44,7 мың гектар ескі жоңышқа мен 5,6 мың гектар күздік бидай толық суғарылып, күтімге алынды.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін межеленген дәндік жүгерінің 197 гектары, сүрлемдік жүгерінің 140 гектары, мал жемдік асқабақтың 35 гектары, күнбағыстың 42 гектары, картоптың 874,5 гектары, көкөністің 1440,5 гектары, бақшаның 1745 гектары егілді.

Бүгінде негізгі дақыл күріш егу жұмыстары барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жаппай жүргізілуде.

Қазіргі таңда, 50 015 гектарға дән себіліп, оның 36 937 гектары суға бастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<