Тасбөгетте көпір ашылды

222

0

Фото: Облыс әкімдігі

Он жылдан бері Тасбөгеттің халқы жақын жердің алысының зардабын тартты. Осындағы маңызы жоғары көпір апатты деп танылып, екі жағынан тарс жабылды. Күні бүгінге дейін «Сабалақтағылар» сабылып, жарты қаланы айналып жететін. Көз жеткен жерге қол жетпей, асып өте алмаған талайдың мұңы енді артта қалды. Енді қалаға кірер көпір саны артты, үш бірдей көпір елге қызмет ететін болады, деп хабарлады aqmeshit-aptalygy.kz.

Өздеріңіз білесіздер, бұл көпірдің су реттеп, егістікке бағыттайтын маңызы жоғары. Жетпіс жылдық тарихы бар бұл көпір 2014 жылдан бері жабылған болатын. Су шаруашылығы министрлігі негізінен мүлдем ашқысы келмеген. Елдегі халықтың мұң-мұқтажын шешуде облыс әкімі атсалысып, енді жүк көліктерінен басқа көліктердің жүруіне рұқсат берілді. Халыққа тиімділігі жоғары нысанның ашылуы осы аумақтағы халықтың сұранысынан-ақ білінеді, – деді қала әкімі Серік Қожаниязов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<