Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы ардагер Любовь Сергеевнаны құттықтады

1264

0

Бүгін облыстық ТЖД бастығы, полковник Руслан Қайрақбаев пен азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаров Ұлы Отан соғысының ардагері Колесник Любовь Сергеевнаны мамыр мерекелерімен құттықтады. Құттықтай отырып, Любовь Сергеевнаға құттықтау адресатын, сый-сияпатты-тәттілер салынған мерекелік себетті табыстады.

Любовь Сергеевна 1925 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында туған. 1944 жылы не бары 19 жасар ер жүрек қыз өз еркімен әскер қатарына сұранып барған, Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарған.

«Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен, «Германиямен соғыста көрсеткен ерлігі үшін» медалімен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың медалімен, Белорусь Республикасын азат ету жолында көрсеткен ерлігі үшін» медалімен, «СССР Қарулы күштерінің 50, 60, 70 жылдық» мерекелік медальдарымен, « Жеңістің 20, 30, 40, 50, 60 жылдық»  мерекелік  медальдарымен марапатталған.

Ол Төтенше жағдайлар министрлігі саласының ардагері – Теміржол емханасында 45 жыл фельдшер қызметін атқарып, 1991 жылы зейнет демалысына шыққан.

Ол үш бала тәрбиелеген, бүгінгі күні 5 немересі мен бір шөбересінің құрметті әжесі атанып отыр.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<