ТОКИО-2020: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

371

0

Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарында +91 келіде жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


+91 келі салмақта мысырлық боксшы Юсри Резк Мұстафа Хафезді айқын басымдықпен ұтқан Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз қарсыласынан үш раундта да басым болды. Әсіресе қазақстандық боксшының сол қолмен ұрған соққылары қарсыласына ауыр тиіп жатты. өрешілердің бәрі бірауыздан Қамшыбек Қоңқабаевты жекпе-жектің жеңімпазы ретінде таныды.

Еске салсақ, бүгін шаршы алаңға шыққан 75 келі салмақтағы Әбілхан Аманқұл да өзбекстандық қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берген. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз