Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері департаментке қарасты № 68 мекемеге тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолын кесті.
Қамауда отырған ағасына сәлем сауқат өнімдерін әкелген азамат жасырын түрде ақша өткізбек болған. Тексеру барысында жеткізілген спорттық киімнің оң жақ қалтасынан жалпы сомасы 30 мың теңге қаражат табылды.
Аталған дерек бойынша сәлем сауқат әкелген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар жинақталып, сот қарауына жолданды.
Айта кетейік, дәл осындай тағы бір оқиға тіркелді. Яғни, қамауда отырған әкесіне сәлем сауқат өнімдерін әкелген азаматша 10100 теңге қаражатты кіргізбек болған. Мұны мекеме қызметкерлері бақылап-өткізу пунктінде орнатылған рентген қондырғысы арқылы анықтап, тәркіленіп алынды.
Аталған азаматшаға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотқа жолданды.






