Қоғам талқысында жүрген танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да желіні шулатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жолғы желідегі шуға әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен түскен суреттерін парақшасына қайта жариялауы себеп болды. Бұған дейін өнер иесінің Instagram парақшасында бұрынғы жарымен бірге түскен фотолары өшірілген еді.
Сонымен қатар көпшілік әзілкештің екінші жары деп білетін Айман есімді келіншектің Instagram-дағы t_a_d_d_s никімен тіркелген парақшасы да желіден жоғалып кеткен.
Жұлдыздардың жеке өміріндегі бұл өзгерісті желі қолданушылары бірден байқап, Threads платформасында осы тақырыпта бірнеше жазба жариялады.

“Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын инстасына шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Айман әпшеміз инстадан жоқ болды. Ол да екеуі түскен суреттерін алып тастағанын байқаған едім. Не болды екен?” – деп жазды қазақстандық.
Тағы бір желі қолданушы да бұл өзгеріске назар аударған.
“Көрдіңдер ме? Тұрсынбек архивтегі Мөлдірмен суреттерін шығарып қойыпты. Айман қайда?” – деп жазды ол.
Осыдан кейін желі қолданушылары жаппай пікір білдіре жөнелді.
“Мөлдір, қайта қабылдасаң білмеймін енді”, “Мөлдірдің қайта қабылдағаны дұрыс шығар”, “Жақсы белгі болса екен. Айманның енді обалы жоқ шығар, о бастан отбасылы еркекпен жүрді. Ортадағы балаларға обал”, “Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар”, “Елді шулатып алып енді қалай бірге тұрады екен”, “Адасқанның айыбы жоқ”, “Ат айналып қазығын табады”, – деді пікір білдірушілер.






