«Үздік аудан орталығы»: Қазалы ауданы – күміс жүлдегер

469

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, оларға жайлы орта жасау бағытындағы жұмыстарды бағалау мақсатында аймақта алғаш рет «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жарияланған болатын.

Аталшым байқаудың алғашқысында Әйтеке би кенті «Үздік аудан орталығы» номинациясы бойынша үздік үштіктен көрініп, соңғы үлгідегі жаңа техникалар ассенизатор машинасы мен жол тазалайтын тракторға қол жеткізді.

Ал, бүгін тағы да Әйтеке би кенті «Үздік аудан орталығы» номинациясымен күміс жүлдені қанжығасына байлады. Нәтижесінде ауданымыз қалдық тасмалдаушы «Камаз» автокөлігі мен жол тазалағыш трактор иеленіп отыр.

Бұл – барша Қазалы халқының жетістігі. Ауданның дамуы жолында аянбай еңбек еткен барша тұрғындар бірлігінің көрінісі. Ауданынымыздың абыройы асқақтап, биіктерден көріне берсін!

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<