Ұстаздарға құрмет көрсетілді

865

0

Облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен өткен жұмада «Білімді ұлт:терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткізілген облыстық тамыз кеңесіне ауданымыздың бірқатар ұстаздары, аудан әкімі Н.Ахатов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров бейне байланыс арқылы қатысты.

Педагогтер кеңесінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «білім – басты құндылық, мемлекет әрдайым ұстаздарға лайықты деңгейде қолдау шараларын жүргізетінін» жеткізді. Білім саласының өзекті мәселелері қаралып, үздік ұстаздар марапат мінберінен көрінді.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндейтін облыстық тамыз кеңесінде негізі басымдықтар айтылды.

Облыстық тамыз кеңесінің қорытындысымен аудан әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлы аудан әкімдігінің мәжіліс залында білімді де, білікті ұстаздарды қабылдап, алдағы «Білім күні» мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы жаңа оқу жылының басталуы – ұлағатты ұстаз, мектеп табалдырығын аттаған оқушы мен олардың ата-аналары үшін қуанышты әрі жауапты сәт. Себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлан-ғайыр еңбекті талап ететін салмақты да жауапкершілік жүгі ауыр сала. Қай халық үшін де ұрпағының ілімі мен білімі, тәлімі мен тәрбиесі – ең алдымен оның ертеңгі ырысы мен кемел келешегінің кепілі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан трансформациялық өзгерістер мұғалімдердің ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарының басшыларының да кәсіби дамуының тұжырымдамалық негіздерін қайта қарап, қайта түйсіну қажеттігін көрсетуде.

Бүкіл әлемдік даму үдерісінде мұғалімдер мен мектеп басшылары әріптес ретінде жұмыс істеп, әрекет ету қажет.Қазіргі қарқынды дамыған заманда көш бастау үшін біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеу аса маңызды. Бүгінде мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде біздің ауданымызда да көптеген оңды істер атқарылуда.

Қажетіне қарай жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда және мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп жатырғандығын айттып өтті.

Атап өтсек, өткен оқу жылы ауданымыздың білім саласы үшін үлкен жетістіктерге толы болды. Мұғалімдеріміздің берген сапалы білім, саналы тәрбиесінің нәтижесінде оқушыларымыз биік белестерді бағындырды.

Бүгінде ауданымызда 40 мектеп жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 1 815 оқушы келеді деп күтілуде. 1-11 сынып аралығында 19120 бала білім алатын болады.

Биылғы жылдың мектеп бітірген түлектерінің ішінде 32 түлек «Алтын белгі» ерекше аттестатына және 95 оқушы жалпы орта білім туралы «Үздік аттестатқа» және 9 сыныптар бойынша 196 оқушы негізгі орта білім туралы «Үздік аттестатқа» ие болды.

Мектеп бітіруші 936 түлектің 760 ҰБТ –ге қатысып, 460-ы жоғарғы оқу орындарына грантқа түсіп, 60,5 пайызы студент атанып отыр.

Барлық білім беру ұйымдары кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Робототехника кабинеті 21 мектепте болса, интерактивті кабинеттер, лингафон, мультимедиялық, модификациялық кабинеттер мектептердің 70 пайызы жабдықталған.

Аудан орталығындағы №45 мектептің, Бидайкөл елді мекеніндегі №148 орта мектептің, Ы.Жақаев елді мекеніндегі №149 орта мектептің бу қазандықтарын қайта жабдықтап, газға ауыстыру жұмыстарына 104 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес төрт санатты қамтитын отбасылардан шыққан 4018 балаға барлығы 150 млн.теңге қолдау көрсетілді. «Қазақстан халқына» қорынан 530 балаға 16 млн.теңге көмек беруге ұсыныс берілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 500 жуық тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға қажетті құрал жабдықтармен, киім кешекпен қамтамасыз етілді.

Кездесу соңында аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы ұстаздарға шынайы алғысын білдіріп, білім саласының дамуына үлес қосып жүрген мұғалімдерді марапаттады.

№ 47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің директоры Нурманова Сауле Құрманғалиқызына -ҚР Оқу-ағарту министрінің орта білім беру ісінің үздігінің «Құрмет Дипломы», «№127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Нугманова Калмира Өтеуқызына ҚР Оқу-ағарту министрінің «Құрмет Грамотасы», №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Абиева Сандуғаш Әжіманқызына ҚР Оқу-ағарту министрінің «Алғысы», №251 М.Әуезов атындағы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Абжапбарова Жанат Хамитбекқызына, №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жансая Сарсеноваға, №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі – Курганова Нагима Батырқызына, №181 орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алдабергенов Бағдат Нұрмағанбетұлына, №150 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Аяганова Сарсенкуль Аяғанқызына аудан әкімінің «Алғыс хаттары», №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің тарих пәннің мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызына, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Дәулетова Шырын Махамадәліқызына облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, №244 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байдильдаев Айгали Сейтжаппарұлына, Б. Қашқынбаев атындағы №142 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бейсбаева Нургуль Базарханқызына, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Исаева Айжамал Сейданқызына, №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Бодықова Айгул Жанахметқызына және №4 Шұғыла санаторлық бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Жүсіп Анар Мұратқызына облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттары» табысталды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<