Универсиада: Қазақстан қоржынында тағы бір алтын медаль

660

0

Қазақстанның тағы бір спортшысы Бакишева Рита халықаралық Универсиадада таеквондодан алтын медалға ие болды.

Әлемдік додада еліміздің атынан спорттың 11 түрінен 93 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар садақ ату, оқ ату, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, дзюдо, көркем гимнастика, үстел теннисі, таеквондо, у-шу, жүзу мен семсерлесуден күш сынасуда. Ел құрамасы 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.

Алтын медаль

1. Бакишева Рита (таеквондо, 46 кг)

Күміс медаль

1.Сатпаев Ислам, Малиновский Константин, Шахторин Никита (спорттық оқ ату, командалық)

2. Чирюкин Никита (спорттық оқ ату)

3. Таниева Эльжана (көркем гимнастика, доп)

4. Тұрсынбек Диана (садақ ату)

5. Таниева Эльжана (көркем гимнастика, лента)

Қола медаль

1. Жұбатқан Сұңғат (дзюдо, 66кг)

2. Нарқұлов Асқар (дзюдо, 73 кг)

3. Сатпаев Ислам, Малиновский Константин, Шахторин Никита (спорттық оқ ату, командалық)

4. Таниева Эльжана (көркем гимнастика, обруч)

5. Сәдуақас Бекарыс (дзюдо, 100 кг)

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<