Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық қарқын алып, шекара мәселесі шешімін тапты. Бұл – Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың жақсаруы нәтижесінде қол жеткізген жетістіктердің бірі. Сарапшылардың пікірінше, тараптардың өзара байланысы алдағы уақытта да жемісін беруі тиіс, – деп хабарлайды 24Хабар.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі – 259 миллион АҚШ доллары. Әрине, бұл өте жоғарғы көрсеткіш емес. Десе де, соңғы жарты жылда осы бағыт 50 пайызға артып отыр. Қос мемлекеттің де өнеркәсіп ошақтары жоғары сұранысқа ие тауарлар шығарады. Өнімді жеткізу үшін аз уақыт пен қаржы жұмсалатындығын ескерсек, тауар құны да қолжетімді болуы мүмкін.
Игорь Шестаков, саясаттанушы:
– Қырғызстан мен Өзбекстан арасында жұмысы 8 жыл бойы тұралап тұрған парламентаралық комиссияның қызметі жандана түсті. Ташкент тарапы сауда-экономикалық бағытта бірлесе әрекет етуге дайын екендігін көрсетті. Себебі Қырғызстанның өзі экономикалық тұрғыда Ресей, Қытай сынды елдермен байланыс орнатқан.
Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы жылдар бойы шешімін таппай келген тағы бір өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік шекара жайы. Шектес аудандарда қарулы қақтығыстар жиі орын алатын. Парламентаралық жұмыс тобы өз қызметін бастағалы бері ортақ шекараның 80 пайызына қатысты келісім жасалды.
Токон Мамытов, Қырғыз Республикасы қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы төрағасы:
– Төрт мемлекеттің басшылары бұл мәселемен етене таныс, сондықтан алдағы уақытта елдердің ынтымақтастығын нығайтуға барынша атсалысады. Саясат, экономика, сауда-саттық, қауіпсіздік пен әскери байланыс бағыттарында тығыз қарым-қатынас орнауы тиіс. Өзбекстан шекарасын ашқаннан кейін, үнемі үреймен өмір сүріп келген адамдардың да жағдайы жақсарды. Сондай-ақ қырғыз жеріндегі туризм саласы қарқынды дами бастады. Енді туристік агенттіктер тарихи мұраға бай Ташкент, Самарқан және Бұқара қалаларына танымдық турлар ұсынады.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<