Жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

455

0

Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Жарылыстан кейін біздің дипломаттарымыз түрік билігімен байланысқа шықты, түні бойы дипломаттарымыз кезекшілікте болды. Зардап шеккен азаматтарымыздың арасында жоқ», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, жексенбіде түстен кейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесі саналатын Истикляльдегі жаяу жүргіншілер жолында жарылыс болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, жарылыс салдарынан алты адам қаза тапқан. Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы оқиғаны тергеуді бастады. Қылмыстық сот оқиға орнынан және әлеуметтік желілерден тікелей хабар таратуға тыйым салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<