«Үздік оқырман бенефисі»

228

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бүгін рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге тәрбиелеу, қадірлеуге баулу мақсатында  абонементтік қамтамасыз ету секторында «Үздік оқырман-2018» бенефисі өткізілді.     

Шараға кітапхананың белсенді оқырманы Айтбаева Айман Ералықызы шақырылды. Ол   жылдан бері  кітапхананың тұрақты оқырманы  және кітапханада өтетін түрлі іс-шараларға үзбей қатысады. Айман Ералықызы сонымен бірге белсенді өмірлік ұстанымдарымен, көңілді мінезімен адам жүрегіне жол тартатын жан. Ол студенттеріне қазақи болмысымызбен мәдениетімізді,салт-дәстүрімізді, әдеби құндылықтарымызбен тамырлы тарихымызды  насихаттауда талмай жұмыс жасауда. Тек өткен жылдың ішінде ол 200  ден аса кітап оқып шыққан. Айман Ералықызы оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд жасалды. Ол өзі оқыған кітаптарынан алған әсерін кеш қонақтарымен бөлісті. Кешке қатысушылар Айман Ералықызы  туралы  өте жақсы пікірлермен бөлісіп, шараның қызықты өтуіне белсенділік танытты. Шара кітап пен кітап оқудың үлкен бір мерекесіне айналды.