Жәрмеңкеге шақырамыз!

169

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Ертең, яғни 22 қаңтар күні Тасбөгет кентінің орталық алаңында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Жәрмеңкеде өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары төмен бағада сатылатын болады. Сондай-ақ, соңғы уақытта еліміде бағасы күрт өсіп кеткен картоп өнімі нарықтан төмен бағада 177 теңгеден сатылатын болады.

Ертеңгі жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік тауарларының бағасын төмендегі кестеден көре аласыздар

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<