Жамбыл облысына Қырғыз елінен 15 фура гуманитарлық жүк келіп жетті

307

0

Сурет: ҚР ТЖМ

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады. Бұл жүк Жамбыл облысына келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

«15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті. Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады», делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Айта кетсек, бүгін елдің көшбасшылары телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<