Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлес қостық

678

0

Кешегі жексенбі яғни 5 маусым күні қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің Конституцияға ұсынған түзетулерді қолдады. Өткен референдум ел азаматтарының ауызбіршілігін және Жаңа Қазақстандағы жаңа өзгерістерге деген дайындығын көрсетті. Нәтижеге көз жүгітсек, дауыс беруге құқы бар азаматтардың 77 пайызының 68,6%-ы оң шешімді жақтап дауыс берді. Осындан-ақ өзгерістерді халық қолдайтынын байқауға болады.

Науқан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және еліміз өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткізілді. Осы орайда халықаралық байқаушылар референдумды ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.

Конституцияға түзетулер елдің әртүрлі салаларын әрі қарай демократияландыруға бағытталған: мемлекеттік аппаратты басқару тиімділігін, барлық билік тармақтарының үйлесімдігін арттыру. Мемлекеттік органдар жұмысының негізгі бағдары бизнес-қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен толық және тығыз өзара әрекет ету болады.

Біз реформалардың енді басталғанын түсінуге тиіспіз. Мемлекет басшысы халқымыздың қолдауымен елді жан-жақты жаңғыртуды жалғастыратын болады. Біз Жаңа Қазақстанды бірлесе құруға жол аштық. Баршамыз бірігіп, Жаңа, Әділетті, Өркендеген Қазақстанды қалыптастыруға үлес қостық.

Лаура Ибраимова,

облыстық мәслихаттағы

«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<