Жаңа дәрігерлiк амбулатория бой көтермек

366

0

ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексеитұлымен бiрге Шиелі ауданаралық ауруханасы мен Досбол би ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясына барып, ондағы жағдаймен танысты.

Досбол би ауылдық амбулаториясында 6 медицина қызметкері, оның ішінде 2 жалпы практика дәрігері медициналық көмек көрсетеді.

Кездесу барысында «Мемлекет басшысы бекіткен ұлттық жоба аясында Досбол би ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынады», – деді министр.

Одан әрі министр Шиелі ауданындағы 78 мың тұрғынға медициналық көмек көрсететін ауданаралық аурухана базасында медицина қауымымен кездесіп, аурухана жұмысымен танысты.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Шиелі аудандық ауруханасы КТ, МРТ, ангиографпен және басқа да жабдықтармен жабдықталып, инсульт орталығы, травматология, кардиология бөлімшесі ашылады.

Сапар барысында Ажар Ғиниятқызы ақ халаттарға алғысын білдірдiп, алдағы жұмыстарына сәттiлiк тiледi.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<