«Жасөспірім» іс-шарасы қорытындыланды

7

0

Қызылорда облысында 3 күнге созылған «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

Оған 300-ден астам тәртіп сақшысы, сондай-ақ білім беру саласының, жергілікті атқарушы және өзге де органдардың өкілдері қатысты.

– 3 күнде барлығы 265 әкімшілік хаттама рәсімделсе, кәмелетке толмаған 2 бала ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.  Балалар мен жасөспірімдерді түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берген 10 дерек анықталды.

Заңды өкілдерін ертпей беймезгіл ойын-сауық орындарында, үйінен жырақта жүрген 252 ұл-қыздың ата-аналарына хаттама толтырылды, – деді облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция майоры Гүлжан Ілиясова.