Жаздың жарқын күндері

5

0

Жаз мезгілі – балалар үшін демалыс пен қызықты сәттердің, жаңа білім мен жарқын әсерлердің кезеңі. Биыл Қызылорда қаласында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 70 мыңнан астам оқушының 98,5 пайызының бос уақытын мазмұнды өткізу жоспарланған.

Осы мақсатта мектеп жа­ны­­нан 61 жазғы тынығу лагері ашы­­лып, онда мыңдаған бала дема­­­ла­­ды. Сонымен қатар қала сыр­тын­дағы лагерьлерде, этно және ша­тыр лагерьлерде, спорттық және де­баттық алаңдарда, үйірмелер мен экскурсияларда балалардың жан-жақты дамуына жағдай жа­салған.

Жазғы маусымның баста­луына орай Қызылжарма ауыл­дық округіндегі №295 «Келешек мектебінде» «Жазғы Time» лаге­рінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Лагерь аумағында оқушылар­дың шығармашылық және ин­тел­лектуалдық қабілеттерін да­­­мытуға арналған түрлі үйір­ме­лер мен арнайы алаңдар жұмыс істейді. Әсіресе ұлттық құн­ды­лықтарды дәріптеуге басым­дық берілген. Мектеп аула­сын­да арнайы тігілген киіз үйде домбыра үйірмесі ұйымдас­ты­рылып, балалар қазақтың қа­сиетті аспабында күй шертіп, ұлт­тық өнердің қыр-сырын мең­геруде. Бұл үйірмеге 50 бала қа­тысады.

Сонымен қатар «Шаңырақ» үйірмесіне 20 оқушы тартылса, робототехника бағыты бойынша 15 бала білімін жетілдіруде. Фут­бол секциясына 20 оқушы, ал шахмат үйірмесіне 15 оқушы қа­тысып, қабілетін шыңдап жатыр.

Өткен жылдың күзінде пай­далануға берілген заманауи мек­тепте бүгінде 832 оқушы білім алады. Мектеп директоры Ға­зиз Төребаевтың айтуынша, жазғы лагерьге күн сайын 170-ке жуық бала келеді. Оның ішінде түрлі үйірмелерге қатысатын оқу­шы­лар да бар.

– Балалардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Оқушылар ыс­тық тамақпен қамтамасыз еті­леді. Лагерь жұмысының басты мақсаты – балалардың бос уақы­тын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың шығарма­шы­лық, спорттық және интеллек­туал­дық дамуына мүмкіндік бе­ру, – дейді мектеп директоры.

Ашылу салтанатында балалар өнер көрсетіп, түрлі ойындар­ға қатысты. Ата-аналар мен қо­нақтар лагерьдің материал­дық-техникалық базасымен танысып, оқушылар үшін жасалған мүм­кіндіктерге оң бағасын берді.

Жалпы, жазғы демалыс – ба­лалардың жаңа достар тауып, білім мен тәжірибе жинақ­тай­тын кезеңі. Ал «Жазғы Time» ла­гері осы міндетті абыроймен ат­қарып, жас ұрпақтың жарқын бо­лашағына бағытталған игі жо­балардың біріне айналып отыр.

Бағлан АМАНЖОЛ,

«Сыр бойы»