Жел, бұршақ, тұман – Сәрсенбіге арналған ауа райы

299

0

29 мамырда ел аумағының  басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

 Қостанай, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел соғып,  жылдамдығы 18 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, жел 15-20 м/с күшейеді.     

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<