Желтоқсанда қанша күн демалатыны белгілі болды

908

0

Биыл желтоқсанда бұрынғы жылдармен салыстырғанда мереке күндері азайды, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.

Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.

Сонымен, желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:

– бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);

– алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.

Жалпы, желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.

Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де қазақстандықтар жұмыс істемейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<