ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРУДЕ?

327

0

 Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамда белең алып отырған өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Ол еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, әрбір кәсіптің еркін әрекетін әлсіретеді.

Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы. Сонымен қатар, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жасалып, ол қоғам өмірінде сәтті жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қоғамның әр мүшесі жүргізуі тиіс, себебі жемқорлықтың белең алуы өмірдің экономикалық және әлеуметтік деңгейін төмендетіп, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне шек қояды.

Елбасының биылғы Жолдауында тоғызыншы бағыт – «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» аясында толымды пікірлер айтылған. «Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс» – делінген. Осы қағиданы басшылыққа алған «Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді жұмыс жүргізуде.

Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өз елінің азаматы ретінде мемлекетке залалын келтірмей, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өзінің де, өзгенің де ар-ожданына тиіспей, мемлекет алдындағы жауапты ісін тиянақты орындауы керек.

Қ.ТҰРЫМТАЕВ,

облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит 

департаменті басшысының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<