Жеңіс Ысқақова көпшілікке жұбайын көрсетті

279

0

Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен түскен видеосын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қадірлі оқырмандар! Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Әумин!» – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің отбасына жақсы тілектерін жазған.

«Үлгі тұтуға тұрарлық әдемі жұп. Екеуі бір-біріңе келісімді жұп», «Жеңіс сіңілім, Қасиетті Рамазан айында тілеген дұға-тілектерің, ұстаған оразаң қабыл балсын. Жұптарың жазылмасын, бақытты болыңдар», «Күйеуі жас көрінеді», – дейді олар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<