Спортқа жаны құмар жеткеншектердің шеберлігін шыңдаған Жалағаш ауданындағы №14 балалар-жасөспірімдер мектебі спорттағы жетістіктерімен үздік атанып келеді. Бүгінде бұл мектепте спорттың 9 түрі бойынша 17 жаттықтырушы 692 спортшыны кәсіби бағытта жаттықтыруда, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Атап айтсақ, ауыр атлетикада – 1 жаттықтырушы, 66 спортшы, бокста – 3 жаттықтырушы, 110 спортшы, волейболда – 1 жаттықтырушы, 30 спортшы, гандболда – 2 жаттықтырушы, 102 спортшы, дзюдода – 4 жаттықтырушы, 174 спортшы, таеквондода – 1 жаттықтырушы, 26 спортшы, еркін күресте – 2 жаттықтырушы, 66 спортшы, кикбоксингте – 1 жаттықтырушы, 38 спортшы, қазақ күресінде – 2 жаттықтырушы, 82 спортшы бар.
Жаттықтырушылардың ішінде бесеуі І санатты болса, 4 жаттықтырушы ІІ санаттағы маман.
Жалағаштық жаттықтырушылар мен жас өрендердің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде осы уақытқа дейін Әлем чемпионатынан 1 алтын, Азия чемпионатынан 1 алтын, 2 күміс, 3 қола, Азия ойындарынан 1 қола, Әлемдік гимназиада ойындарынан 1 алтын, Азия балалары ойындарынан 1 қола жеңіп алды. Ал ҚР чемпионатынан 17 алтын, 14 күміс, 18 қола, ауыл ойындарынан 2 алтын, 2 күміс, 3 қола, ҚР гимназиада ойындарынан 2 алтын, 1 күміс жүлдені аймақ қоржынына салды.
Жоғарыда аталған спорт мектебі спорттық-сауықтыру топтарына 7-8 жас, алғашқы даярлық топтарына 9-10 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Ал оқу-жаттығу топтарында кәсіби спортшылар даярланады.
Жеке сұрақтарыңыз болса спорт мектеп директорының орынбасары Базарбек Әбеновке 8701-461-13-84 номеріне хабарласуларыңызға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<