Жиһаз бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттады

401

0

2022 жылдың сегіз айында Қазақстанға 238 миллион доллардың тұрмыстық жиһазы әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Energyprom.kz мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде жиһаз өндірісі 46,7 млрд теңгені құрады.

Өңірлер арасында жиһаз өндірісі Алматыда біршама жоғары. Қалада құны 13,4 млрд теңге болатын жиһаз шығарылды. Бірақ, бір жылда 33,6 пайызға кеміген.

Одан кейінгі орында Алматы (3,5 млрд теңге) мен Павлодар облыстары (3,5 млрд теңге) тұр.

Биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстан 237,7 млн АҚШ долларына 85,8 мың тонна үйге арналған жиһаз бұйымдарын импорттады.

Импорттың негізгі көлемін ТМД елдері қамтамасыз етті – 78,3 пайыз.

Жыл басынан бері бұл елдерден Қазақстанға 67,2 мың тонна жиһаз әкелінді.

Ресей Қазақстан үшін негізгі жеткізуші болды – 36,4 мың тонна. Үздік үштікке Беларусь пен Украина да кірді.

ТМД-дан басқа елдерден Қазақстан 90 млн АҚШ долларына 18,6 мың тонна жиһаз әкелді. Мұнда негізгі жеткізушілер – Қытай мен Түркия.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<