Жол апатынан бір адам қаза тапты

234

0

 Бүгін кешкі сағат 6-ға таяу «101» өртке қарсы қызметіне Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Мөсербаев көшесі бойында «Арал-Газ» ЖШС қарасты газ құю стансасының оператор бөлмесіне «Opel Vectra» жеңіл автокөлігі соғысып жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабар түсті. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртенді. Өрт сөндіру қызметінің күш-құралдар күшімен өрт 40 минут шамасында оқшауланып, 50 минутта толықтай сөндірілді. Оқиға басында 11 қызметкер және 3 бірлік автокөлік  жұмыс жасады. Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қаза тапты.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<