Жол қауіпсіздігі – басты назарда

184

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыстық полиция департаменті аймақта жол апатының алдын алу мақсатында ұдайы жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізіп отырады. Сондай-ақ, әр апта сайын потрульдік мобильді кешендермен елді мекендерді аралап, рейдтік шаралар ұйымдастыруда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Ұлан Шермағанбет мәлімдеді.

– Есепті мерзімде аймақта орын алған жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы және жол жүру ережелерін өрескел бұзуы болып отыр. Осы мәселенің алдын алу мақсатында жылдамдық өлшеудің автоматтандырылған 10 «Ekin Patrol G2» және 21 «VUEWO» бейнебақылау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, биыл 20 «Зияткерлік қиылыс» пен 55 «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» және 1 400-ден астам бейнекамераларды орнату жоспарлануда. Бұдан бөлек, қосымша 5 дана «Ekin Patrol G2» автоматтандырылған құрылғысын алуға ұсыныс берілді. Кешенді құрылғылармен 10 813 құқық бұзушылық анықталып, тиісті айыппұл салынды. Ал, жол жүру ережесін бұзудың 47 308 дерегі анықталды. Жалпы, біз жол апатының алдын алу мақсатында үнемі жедел профилактикалық іс-шаралар, рейд жұмыстарын ұйымдастырып отырамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, – деді Ұлан Шермағанбет.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<