Жүрекке төгіп мың сәуле

587

0

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай облыстық Жастар ресустық орталығында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхананың ұйымдастыруымен ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Жыр кешіне Сыр өңіріне белгілі ақындар мен белсенді жастар және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37, №68 мекемесінің қызметкерлері де қатысты.

Кеште талантты жастар Мұқағали әлеміне тереңірек бойлап,оның сыршыл поэзиясы, пайымдауы өзгеден бөлек жебелі жырларынан жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді. 

Кеште ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкері әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова ақын өлеңін жатқа оқыды. 

– Поэзияның адам жанын жақсылыққа, ізгілікке, сұлулыққа тәрбиелейтін қасиеті бар. Біздің әрқайсымыз, мектеп қабырғасынан ақын өлеңдерімен сусындап өстік Ақын жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Өз басым солай түсінемін. Бүгінгі кештің өтуі  шынымен мені қуантты. Кеште ақынның «Сәби ана» өлеңін оқып, кештен керемет әсер алдым», – деді Айнұр Абдрашитова.

Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалып, көрермендер бір мезет әуен құшағында тербелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<