Жаңақорған ауданында қант қызылшасын өңдеу цехтары ашылмақ

669

0

Бүгін «Алтын дән — 2022» мерекесінде Жаңақорған ауданы да ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Шаруалар 200 тоннадан астам өнім әкелді. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын дайындапты.

Жәрмеңкеде аудан әкімі М. Тілеуімбетов облыс әкіміне ауданда өсірілген қант қызылшасын таныстырды. Елімізде наурыз айында орын алған қант тапшылығынан соң аудан Жайылма ауылына 2 гектар алқапқа қант қызылшасын тәжірбиелік мақсатта еккен. Оған Алматы облысындағы ҒЗИ арқылы «Ақсу» тұқымын «Сенім» шаруа қожалығы еккен. Нәтижесінде әр гектарынан 240 центнер өнім алынған. Аталған институт арқылы бір түйір қызылшаның қанттылығы 19 пайыз екені анықталған.

Жәрмеңкеде аудан әкімі М. Тілеуімбетов аймақ басшысына инвестор тарту арқылы қант қызылшасын өңдейтін шағын цехтар ашуды мақсат етіп отырғанын жеткізді. Өз кезегінде Нұрлыбек Мәшбекұлы өзі өсіріп, өзі өңдейтін өңірге қолдау білдіретінін айтты.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<