Шығыс Қазақстан облысында қасқыр тұрғындардың үйіне кіріп кеткен

433

0

Фото: znanie-svet.ru

Шығыс Қазақстан облысында қасқыр тұрғындардың үйіне кіріп кеткен, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 28 сәуірде Алтау ауданының Быково ауылында болған. Есігі ашылып тұрған верандаға қасқыр кіріп кеткен. Үй иесі оны қуып шығуға тырысқанымен жануар адамға шаба бастаған. 

Артынша қасқыр екі итке шауып, қашып кеткен. Ауыл тұрғындары жиналып, қасқырды аңдып, көзін жойған. Тұрғындар тағы бірнеше қасқыр болуы мүмкін деген оймен 29 сәуірде оқушылар қашықтан оқыған.  

Жергілікті атқарушы органдар, ветеринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дереу әрекет етті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Арнайы іс-шаралар барысында қасқыр шапқан тұрғыннан талдаулар алынып, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, балалар штаттық режимде оқып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<