Қызылордалық зияткерлер өнер байқауынан жүлдемен оралды

213

0

Фото: НЗМ

Астана қаласында өткен VII халықаралық «SHASHU» фестиваль-байқауының республикалық кезеңінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 4 жүлделі орындарға ие болды.

«Аспапта ойнау» жанры бойынша 11-сынып оқушысы Алихан Талғатов Дәулеткерейдің «Түрікмен» күйін орындап, ІІ орынды иеленсе, Нұрислам Төлеген Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйімен жеңіске жетті.

«Дәстүрлі ән» орындаушылары арасында Сырсұңқар Базарбайұлы Молдабайдың әнін шебер орындап, Бас жүлдені иеленді. Және Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама ұтып алды.

Ал «Хореография» бөлімінде кәсіби би ансамбльдерімен сынға түскен «Самға» би тобы «Жастық шаттығы» музыкалық композицияны сомдап, күмістен медаль тақты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<