Балалар – біздің болашағымыз

1413

0

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген Мемлекет басшысы «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін» деген болатын.

Осы ретте алдыңғы жылдан бері балалар дамып қалыптасуына, таным көкжиегін танытуға көп көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда “Балалар жылына” қатысты шаралар аймақтық өңірлерді толықтай қамтыды. 5000-ға жуық өткізілген шараларда басымдықтар көпбалалы отбасы, жартылай, тұл жетім балаларға, мүгедектік, зағиптық жағдаятқа ұшыраған бүлдіршіндерді қамтып, арнайы жеңілдіктер қарастырылды. Сондай-ақ, республикалық балалар навигаторы слеті өтсе, бүкіл аймақтық деңгейде мектепішілік кітапхана қоры жаңартылып, білім базасының толығуы оқушылардың оқудағы зейінін ашуда мүмкіншіліктер сыйлай білді. Кітап қоры демекші, әсіресе балаларды қолдау, оларды жарыққа шығару мақсатында жарық көрген басылымдар, жобалардың пайда болуы көңіл қуантады.

Анығында балалар мектепте оқулық арқылы негізгі ұғымдарды оқып үйренеді, бірақ мектептен үйренген білімді іс жүзінде бекітіп, тілін, ойын дамыта түсу үшін өз жасына сәйкес әдеби-танымдық кітаптармен бірге балаларға арналған газет-журналдарды оқудың пайдасы зор. Баспасөзді оқи отыра олар өз ойын жазбаша жеткізудің не екенін түсінеді, өздері де соған талпынады. Сөйтіп көптеген оқушы мақала, өлең жазып өз түсінігін, көзқарасын өзгелерге танытуға ұмтылып жатады. қадам жасаған¬дар ойын еркін, ұғынықты жеткізуге үйренеді, жүйелі ойлау қабілетіне ие болады.

Білім беру мәселесіне сонау кеңестік кезеңнің өзінде де қатты мән берілетін, соның арқасында қазақ балалары арасында «Пионер» газеті, «Балдырған» журналы аса танымал болды. Тіпті, ол тұста бұл басылымдарды оқымаған қазақ баласы болған жоқ. Соның арқасында орта мектепті бітірген балалардың 90 пайызы кітап, газет-журнал оқитын дағды қалыптастырды. Бұл халықтың сауатты болуына үлкен әсерін тигізген еді.

Қазіргінің “Балбұлақ”, «Мөлдірбұлақ», «Ақжелкен» көпшілік сүйіп оқитын «Айгөлек» пен «Ұлан» газет-журналдары осындай талапшыл балалардың қаламын мұқалтпай, тиісінше талабын шыңдауда шығармашылық жұмыстарын жариялауға мол мүмкіншіліктер сыйлап отыр.

Мен өз кезегімде, осындай дарынды, шығармашыл, жан жақты, ізденімпаз оқушыларға арналған “Үкілі үміт”, “Наша надежда” атты 2 тілді журналды жарыққа шығарушы республикалық “Мұрагер” баспа үйінің журналисі ретінде “Балалар жылында” басымдық берген балаларды қолдау және қабілеттерін шыңдау жолында өзіндік үлесімді қосып келемін. “Болам деген баланың бетін қақпай, белін бу” деген қазақ халқы. Осы ұранды басшылыққа ала отырып, біздің редакцияның мақсаты да сол еліміздің түкпір түкпірінде дарынымен, қағылездігімен көзге түскен мектеп партасында отырған үздіктерді қолдау, олардың республика бойынша келбетін қалыптастыру болып табылады.

Жастарға айтылған рухты, намыс оятатын сөздерде “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” болатындықтарына ұлттың тұтқасын ұстап ұрпақтар сабақтастығында алтын көпір орнататын жұрнақ екендігін айқындады. Сондықтан, бүгінгі жастар бәсекеге қабілетті, озық ойлы ақпараттанған қалыпта мықтылардың мықтысы, үздіктердің үздігі боларына сенім мол. Назарға ұсынып отырған республикалық “Мұрагер” баспа үйінің “Үкілі үміт” жобасы еліміздің ертеңі болар жастарға ұлы серпіліс береді деген ойдамыз!

Арайлым Өтепова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<