Арманға талпынған жетеді

367

0

Қатал тағдыр әркімге әртүрлі сый дайындап тұрады. Қандай тауқымет көрсе де мойымайтын жан­дар болады. Солардың бірі – Талсуат ауылдық округінің тұрғыны Күлпаш Күншығарова.
Ол өмірдің қатал сынағына түссе де өзінің бар күш-жігерін жинап көпке үлгі болуда. «Қайсарлықты үлгі еткен жеті тағдыр» атты кітаптың кейіпкері болған Күлпаш апай өткен жылы «Жыл өнерпазы» атанды. Өзінің арманына қол жеткізу үшін, Күлпаш апайымыз көп дайындық жасады. Жылдар бойғы еңбегін халыққа паш етіп, «Асыл арман» атты жеке шығармашылық кешін өткізді.
Өзінің өнердегі достарымен ән шырқап, халықтың ықыласына бөленді. Жаны жайсаң жан, керемет дауыс иесі ән шырқағанда көрермендер көздеріне жас алып, оның батырлығы мен қайсарлығына тәнті болды.
Иә, арманға талпынған жетеді деген осы. Тамаша дауыс иесінің әлі де жетер белесі алда деп сенеміз.
Жазира ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ,
мүгедектерге арналған оңалту орталығының кітапханашысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<