Құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет

331

0

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Шиелінің барлық құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Әуелі, құқық қорғаушылар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салтанатты шараға қатысқан аудан басшысы Әшім Оразбекұлы бірқатар сала үздігі деп танылған азаматтарды марапаттап, мерекемен құттықтады.
«Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздер қиын сәттерде қарапайым халықтың арқа сүйер сүйеніші әрі әділеттіліктің жаршысы бола білдіңіздер. Алдағы уақытта да шиелілік полиция қызметкерлері аудан тұрғындарының құқықтарын қорғап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жiгерін жұмсайды деген сенiмдемiн», – деді Ә.Оразбекұлы.
Мерекелік шара соңы арнайы жасақ құрамы көрсеткен әскери қойылым-концертке жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<