МӘМС: жаңа жүйе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

361

0

2015 жылдың қараша айында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабыданды. Аталған заң жобасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 80-ші қадамын іске асыру шеңберінде қабылданды. Заң жобасын дайындау барысында үздік халықаралық тәжірибе қолданылды. Соған сәйкес ҚР Үкіметінің ӘМС қорын құру туралы қаулысы қабылданды. Жарғылық капиталына 100% мемлекет қатысатын, коммерциялық емес АҚ болып құрылады. Қордың негізгі мақсаты – аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру болып табылады.
МӘМС жүйесіне қатысушылар: төлеушілер, медициналық қызметті тұтынушылар, медицина ұйымдары, Ұлттық Банк, Қор, мемлекеттік корпорация, өзге де уәкілетті органдар.
Аталған Заңға сәйкес азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылады:
Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын – базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.
Екіншісі медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын – сақтандыру пакеті. Оған амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық медициналық көмек кіреді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидасына негізделген. Мемлекет әлеуметтік осал 14 топ үшін МӘМС қо¬рына жарна аударуды өз мойынына алып отыр. Олар: балалар, жүкті әйелдер, сонымен бірге, бала (балалар) тууына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған, олар 3 жасқа толғанға дейін бала (балалар) күтіміне байланысты еңбек демалысына шыққан аналар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылар, оған теңестірілген азаматтар, мүгедектер, білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, зейнеткерлер, интернаттық мекемелерде білім алып, тәрбиеленіп жатқандар, сот шешімімен қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, уақытша оқшаулау изоляторлары мен тергеу изоляторларында отырған азаматтар.
Аталған заңға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде азаматтардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын және стационарлық көмек көрсететін ұйымды таңдауға құқығы бар. Яғни, азаматтарға таңдау еркіндігі беріле отырып, медициналық қызмет көрсетудің рыногы қалыптасады. Бұл өз кезегінде жоғары сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін артыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңға денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына 87 денсаулық сақтау субъектісі тіркеліп отыр. Оның ішінде 33-і мемлекеттік мекеме немесе 38%, 54-і  жеке меншік мекеме немесе 62%.
Биыл филиал декрекқорына енген денсаулық сақтау субъектілерінің арасынан 67 медицина ұйымымен келісім шартқ жасалды. Оның ішінде 30-ы мемлекеттік, 37-сі – жеке меншіктегі медицина ұйымы. Сонымен қатар өңірімізде тұрғындарға 19 медицина ұйымы бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметін көрсетеді және оның ішнде 3 медицина ұйымы жеке меншік денсаулық сақтау субьектісі.
Облысымызға сатып алу жоспары бойынша 2018 жылдың 1 қазанына 36 892 077,8 мың теңге қаржы қаралған болса, оның ішінде жеке меншік медицина ұйымдарына бөлінген қаржының үлесі 3 584 215,58 мың теңге немесе 9,7% пайызды құрайды және денсаулық сақтау субъектілеріне аударылған қаржы немесе игерілгені 26 288 470,7   мың теңге немесе 71,3% пайыз.
Кез-келген елдің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі халқының денсаулық жағдайы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты. Сондықтан денсаулық сақтау саласына салынған қаржы ешқашан артық болмайды.

Айгүл АХАНОВА,
 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ  Қызылорда облыстың филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлім маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<