Шілде айында Қазақстанда ауа райы қандай болады?

1004

0

Шілде айында республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.


«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты норма шегінде болады деп күтілуде. Орташа көпжылдық мәндерден аз жауын-шашын мөлшері елдің тек оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде), орталықта (Қарағанды облысы және Балқаш көлінде) және Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстік аумағында ғана жауады» – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.


Шілденің әрбір он күнінде қысқамерзімді суық толқындар болжанады. Жауын-шашын, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде + 7 + 12°С, күндіз + 17 + 23°С-қа дейін; оңтүстікте түнде + 13 + 18°С, күндіз + 25 + 30°С дейін. Шілдеде Қазақстанның солтүстік аймақтарында температура +25+33°С, ал оңтүстікте +30+35°С болады. Бірақ кейбір күндері оңтүстікте термометр +35+45°С-қа, ал солтүстікте +30+38°С-қа дейін айтарлықтай көтерілуі мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, шілдеде елдің барлық өңірінде ыстық болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<