Қызылордада алғашқы рет мойын аймағы көлемді лимфангиомасына операция жасалды

900

0

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында өңірімізде алғашқы рет мойын аймағы көлемді лимфангиомасына операция жасалды.

Бұған дейін бұндай күрделі диагнозды науқастар еліміздің орталық клиникаларына жолданып келген. Алғашқы операцияны Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, дәрігер Сабит Пазилов жасады.

Білікті хирург жас мамандарға күрделі отаны түсіндіре отырып жасаумен қатар, жоспарларды талқылап, операцияны сәтті аяқтады. Басқарма басшысы ендігі кезекте ангиохирургиялық операцияларды аурухана дәрігерлеріне жасауды ұсынып, қиындық туындаған жағдайда көмек көрсететіндігін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<